Ертеңгіліктер мен мерекелер

Рассмотренных обращений: 0
Не рассмотренных обращений: 0

Туған күн иелерін құттықтау күні
Автор: Сулейменова Ж.Ж.

"Қыс келбеті"

№1 «Арман» мектеп-бақшасында №10 топтың тәрбиешісі Сулейменова Жанар Жеңісқызы  «Қыс келбеті» атты ашық сабақ көрсетті. Бұл сабақта «Силивон методикасын» пайдаланды.

                                       Оқу қызметін  ұйымдастырудың технологиялық картасы

№10 «Жұлдыз» ересек топқа арналған

Күні, айы, жылы: 15. 01.13.

Білім беру саласы Шығармашылық

Бөлімі:            Сурет

Тақырыбы:  Қыс келбеті

Мақсаты: Сурет салудың В. И.Силивон әдісі арқылы балалардың бейнелеу іс- әрекетіне қызығушылығын арттыру. Балалардың табиғатқа деген қамқорлық, сүйіспеншілік сезімдерін тәрбиелеу. Шығармашылық қабілеті мен қиялын дамыту, іс- әрекет мәдениетіне  тәрбиелеу, ынтымақтастық  дағдыларын қалыптастыру.

Сөздік жұмыс: Келбет, ызғар, аяз, оппа қар.

Көрнекілік: суреттер, слайд, дамытушылық ойын «Кім жылдам?», картоп, гуащь, мақталы таяқша, үлгі

Әдіс-тәсілдер: сұрақ- жауап, түсіндіру, талдау- жинақтау

Әрекет кезеңдері

        Тәрбиешінің  іс -әрекеті

Балалардың іс -әрекеті

Ұйымдастырушы-оятушылық кезеңі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Дөңгеленіп тұрайық,

 Шаттық шеңбер құрайық.

Амандасу үлкенге,

Тәрбиенің басы ғой.

Ал кәнекей бәріміз,

Сәлем дейік үлкенге,

Сәлеметсіздер ме, қонақтар.

 

 

Балалар дөңгеленіп шеңбер бойымен тұрады. Өлең жолдарын қимылмен көрсете отырып қайталайды.

Ұйымдастырушы ізденушілік кезеңі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Слайд көрсете отырып сұрақтар қою.

- Қазір жылдың қай мезгілі?

- Қыс мезгілінде неше ай бар?

- Оларды атаңдаршы.

- Дұрыс айтасыңдар. Ал қыс мезгілінде ауа- райы қандай болады?

- Қандай табиғат құбылыстары болады?

Кане, Мансұр, сен айтшы, кыс мезгілінің ерекшелігі қандай?

-  Ал адамдар қалай киінеді?

- Қыста киетін киімдерін атаңдаршы. Оларға не жатады?

- Өте дұрыс айтасыңдар.

- Қыс мезгілінде қандай ойындар ойнаймыз?

 

Ал, балалар, қыс мезгілі туралы кім тақпақ біледі.

 Есік қағылып хат тасушы келеді.

Хат тасушы: Сәлеметсіздер ме!

Бұл қай балабақша? Уф, әрең жеттім-ау.

Сіздерге хат келді. № 10 « Жұлдызша» тобының балаларына.

Хат тасушы: Сау болыңдар, балалар!

- Балалар, хатта не жазылған екенін, кімнен екенін оқып көрейік.

« Сәлеметсіздер ме, балалар! Қалдарың қалай? Сендерге хат жолдап отырған Аққала. Балалар, сендерден көмек сұраймын. Мен шаңғы теуіп, таудан түсіп келе жатқанда құлап, денем бөлшектеніп қалды. Денемді құрастырып, біріктіріп беріңдерші. Экранға қарасаңдар бәрін түсінесіңдер. Сәлеммен Аққала.

- Балалар, Аққалаға көмектесеміз бе?

Экранға қарап, пішіндер (үлкен, орташа, кіші дөңгелек) арқылы Аққаланы құрастыру жолдарын көрсету.

1. Аяғын табу.

2. Денесін қою.

3. Басын құрастыру. Қолдарын, бас киімін, көзін, мұрнын, аузын, аяқ киімін құрастыру.

- Енді , балалар, мына қағаз бетіне  аққала бөлшектерінің суретін салайық.

-Балалар, мынау не?

-Картоп –көкеніс, тағам. Оны пісіріп жейміз. Біз бүгін осы картоппен аққаланың суретін бояймыз.

1.Аққаланың аяғы үлкен дөңгелек. Ендеше үлкен картопты алып қағазға басамыз. 2. Орташа дөңгелек денесі. Орташа картопты алып, бояуға батырып, қағазға батырамыз. 3. Басы кішкене дөңгелек. Ең кіші картопты алып, басын келтіреміз. 4. Басындағы шелегін картоптан басамыз.

- Алдымыздағы мақталы таяқшаны алып, аққаланың аузын, мұрнын, көзін, қолын, аяқ киімін жасап бояймыз.

- Қыста біз қар жауады дедік. Енді  тіс щеткасын бояуға батырып, таяқты онымен бояу арқылы шашыратамыз. Бұл арқылы біз қар жауып тұрғанын көрсетеміз

Жарайсыңдар, балалар!

 

 

 

Балалардың назарын слайдқа аудару.

- Қазір жылдың қыс мезгілі.

- Қыс мезгілінде  үш ай бар.

- Олар: желтоқсан, қаңтар, ақпан.

- Қыс мезгілінде ауа – райы суық, аяз болады.

- Далада боран болады. Ұлпа қар жауады. Айнала оппа қар болады. Мұз қатып, жер тайғақ болады.

- Адамдар жылы киімдерін киеді. Оған тон, пима, қолғап, бөкебай, малақай, етік жатады.

 

- Қыз мезілінде шана, шаңғы, коньки тебеміз. Хоккей ойнаймыз. Аққала жасаймыз.

Балалар қыс туралы тақпақтар айтады.

 

 

- Бұл № 1 «Арман» мектеп–бақшасы.

№ 10 «Жұлдызша» тобы.

 

- Сау болыңыз!

 

Балалар Аққаланың жазған хатын мұқият тыңдайды.

 

 Слайд арқылы Аққаланың бөлшектенгенін көреді.

 

 

 

 

 

- Ия, біз аққалаға көмектесеміз.

 

 Балалар экранда  Аққаланың бірнеше кезеңдер арқылы құрастыруға болатынын көрді.

 

 Тақтаға ілінген Аққаланың бөлшектерін кезеңдерге бөлу арқылы біріктіру жоларын үйренеді.

 

 

-         Ол – картоп.

 

Балалардың еңбектенуі.

 

Сергіту сәті:

Боран соқты оң жақтан,

Боран соқты сол жақтан.

Қар лақтырып ойнасақ,

Су өтеді қолғаптан.

 

 

 

Балалар мақталы таяқшаны алып, ақаланы ауызын, көзін, қолын т.б. бояйды.

Балалар тіс щеткасымен тарақты бояп қағаз бетіне шашыратады.

 

Балалар еңбектерінен көрме ұйымдастырады.


Рефлекстік түзету кезеңі

 

 

 

 

 

 

Қорытындылау

 

 

 

Өзін-өзі бағалау

 

 

 

 

 

- Балалар, біз қыс мезгілі жайлы айтып өттік. Өзіміз жылы киінеміз дедік. Ендеше мына суреттегі балалардың далаға шығу үшін жылы киімдерін киюге көмектесейік.

 

 

Рахмет, балалар. Біз бір-бірімізбен мейірімді, жанашыр, тату болайық.

 

 

Балаларды сабаққа жақсы қатысқандары үшін мадақтау.

 

Балалар екі топқа бөлінеді. Бірінші топ қыздың жылы киімін киіндіреді.

Екінші топ ұлдың жылы киімін кигізеді. Тақтада тұрған ұл мен қызға жылы киімдерін жапсыру.

 

 

 

 

 

Балалар бір-бірінің еңбектеріне анализ жасау

  Күтілетін нәтиже:

Білу керек:  Балалар В.И. Силивон әдісі арқылы  аққаланың жасау жолдарын бейнелей біледі.

Түсінігі:  Бейнелеу барысында картоптың, тіс щеткасының көмегімен жұмыс істеуге болатынын түсінді.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Еңбектену барысында достыққа, ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа дағдыланды.

Тәрбиешінің аты, тегі: Сулейменова Жанар Жеңісқызы

 

 

 


Просмотров: 1620
Дата создания: 18.01.2013
Дата редактирования: 18.01.2013

Интернет-ресурстың интерфейс тілін таңдап алыңыз

Выберите язык интерфейса Интернет-ресурса

Select the interface language of an Internet-resource




Интернет-ресурстың контент тілін таңдап алыңыз

Выберите язык содержимого Интернет-ресурса

Select the content language of the Internet-resource